Музей фестивалі

Жамбыл ауылында «Мәңгілік тұлғалар» атты республикалық музейлер фестивалі өтті. Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығы мен Халықаралық музей күніне орай ұйымдастырылған ауқымды мәдени шараға еліміздің әр өңірінен сегіз музей қатысып, өз экспозицияларын көпшілік назарына ұсынды.

Қазақ әдебиеті мен тарихына өлшеусіз үлес қосқан алып тұлғалардың мұрасын кеңінен насихаттауға келген мәдениет саласы мамандарының дайындығы тыңғылықты. Қатысушалар тарихи тұлғалар бейнесін сомдап, рухани құндылықтарды дәріптейді.  Ілияс Жасүгіров образын сомдаған Бақдәулет Шәкер актерлік өнердің ерекшелігін атап өтті. 


БАҚДӘУЛЕТ ШӘКЕР 
ІЛИЯС ЖАНСҮГІРОВ АТЫНДАҒЫ ӘДЕБИ МУЗЕЙДІҢ ЭКСКУРСИЯ ЖЕТЕКШІСІ 
 «Дайындалуға 1-2 аптадай уақыт кетті. Дайындығымның нәтижесі жақсы шықты деп ойлаймын. Өйткені көп адамға Ілиястың қандай ақын, адам болғанын дәлледеу ол ешқашан оңай емес. Ілияс Жансүгіровтың өзі қысқа ғұмырында артына көп іс, мұра қалдырып, ол ұрпаққа үлкен өнеге болды.» 


Ал екінші кезең - көрме. Мұнда қатысушылар құнды әрі қызық жәдігерді ұсынып, оның тарихымен бөлісуі қажет. Фестивалдің қызық тұсы – сұрақ-жауап айдары. Яғни қатысушылар Жамбыл Жабаевқа қатысты сұрақтарға жауап береді. 

САЛТАНАТ ЖАМБЫЛОВА 
ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВ АТЫНДАҒЫ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫ МУЗЕЙДІҢ БАСШЫСЫ 
«Тәжірибе алмасу, музей аралық тәжірибе алмасу болады. Былтыр өзіміз де болып келдік қой, Көкшетауда Мәлік Ғабдуллин ұйымдастыруымен бірінші фестиваль өтті. Тұлғалық музейлердің бірінші фестивалі. Енді келер жылы 180 жылдық деді. Оның үстіне өзімізсондай бір немен бардық дайындықпен бардық та, бас жүлдені алып қайттық. Енді эстафета деді ғой, соны бізге беріп жіберді.»

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар қаржылай сыйлыққа ие болып, «Үздік тұлғалық образ», «Үздік көрме», «Үздік сценография» аталымдары бойынша марапатталды. 

Сондай-ақ оқыңыз: