Жастар театры ашылды

Облыс орталығында  «Қонаев жастар театры» ашылды.

Жаңа өнер ұжымы  тұрғындарға ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың өмірінен сыр шертетін жаңа спектакльді тарту етті. Өнер ордасының алғашқы қадамдарына біздің түсірілім тобы да куә болды.

Жаңа театрдың тұсаукесері үшін ақынның өмірбаяндық қойылымының таңдалуы да тегін емес. Сахнадағы әсерлі сәттер көрермен қауымды терең толғанысқа бөледі. Өнер сүйер қауым кейіпкерлермен бірге мұңайып, бірге қуанды.

ГҮЛНӘР ТЕЛҒАРАЕВА
КӨРЕРМЕН
«Ішкі әсерім енді жаңағы қиыншылығын көрсем қатты қиналамын. Бірақ халыққа деген өте пайдалы өлеңдерімен жеткізіп халықты тәрбимелеп кетті. Сонысына мен қатты бас ием ол кісіге. Жиі болу керек, халықты тәрбиелеу керек, арттағы ұрпақты тәрбиелеу керекпіз біз»

Қазіргі таңда театр труппасында 3 кәсіби актер бар. Ал қалған құрамы  мәдениет үйінің қызметкерлері - 20-дан астам өнерлі жастар. Ал театрдың қоржынында  6 спектакль бар.Театр ашу идеясын  мәдениет үйі қызметкерлері ұсынған. Ал шығармашыл жастардың бұл талпынысына қала әкімдігі үлкен қолдау көрсетті.

ҚУАНЫШ ҚҰДАЙБЕРГЕН
АКТЕР
«Алғашқы қойылым және мен мұқағалиді бірінші рет ойнап тұрмын. Және өте үлкен жүк болды. Бүгін енді шүкір аллаға жақсылап ойнап шықтық халықтың ықылыса өте жақсы болды. Соған қатты қуаныштымыз. Енді қонаев қаласының тұрғындарын жаңа театрдың ашылуымен құттықтаймын

АБЫЛАЙХАН МҰСТАФА
ҚОНАЕВ ҚАЛАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ  ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ 
«Театрымыздың тұсаукесерінде жақсы әсер алды деген үміттеміз. Жастар театрының болашақта да ұйымдастыратын спектаклдері  тек қана бір ғана аудиторияға емес жастарға да, үлкендерге де және де балаларға арналған түрлі спектакльдермен қуантатын болады. 

Алдағы уақытта  Қонаев қаласында жаңа театр ғимараты салынады деп күтілуде. Әзірге жаңа өнер ұжымы көрерменін қалалық мәдениет үйінде күтеді.

Сондай-ақ оқыңыз: