Алатау лигасы

Қонаевта  бұқаралық спорттық жоба “Алатау лигасының” ашылу салтанаты өтті.

 Лига аясында футбол, волейбол, баскетбол және үстел теннисі бойынша жарыстар ұйымдастырылады. Турнирге 16 жастан асқан әуесқой спортшылар қатысады. Қазіргі таңда лиганың жалпы қамту көрсеткіші шамамен 10 мың адамға жеткен. Бүгінде Алматы облысында халықтың 43 пайызы спортпен тұрақты шұғылданады. Биыл жоба үш кезең бойынша өтеді. Алғашқы кезең 15 сәуір мен 15 мамыр аралығында ұйымдастырылып, оған 150-ден астам әуесқой команда қатысты. Өңірлік кезең қыркүйек айында өтсе, финалдық ойындар қазан айында жоспарланған. 

ЖАНСЕРІК АДИАХМЕТОВ 
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ 
«Бұл халықтың спорттық деңгейін арттыруға бағытталған бағдарламалардың бірі болып табылады. Алдағы уақытта бұл жобамызды кең ауқымда өткізху,  бұдан әрі дамыту жоспарымызда бар

Сондай-ақ оқыңыз: