Ұлттық дәстүр насихатталды

Райымбек ауданының 90 жылдығына орай ауылдық аймақтар арасында ұйымдастырылып жатқан мәдени-көпшілік шаралар жалғасуда. Мерейтой аясында Текес ауылында ұлттық құндылықтар ұлықталып, ата дәстүріміз дәріптелген тағылымды кеш өтті.

Ауқымды шара барысында Текес және Жаңа Текес ауылдарының құрылу тарихы мен өсіп-өркендеу жолы таныстырылып, ел дамуына елеулі үлес қосқан азаматтардың өмірңі мен қызметінен ақпар беретін көрмелер көпшілік назарына ұсынылды. Сонымен қатар ұлттық құндылықтарды дәріптеген сахналық қойылымдар қойылды. 

ГҮЛБАНУ МҰҚАМЕТЖАНОВА 
ТЕКЕС АУЫЛДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
«бүгін міне текес ауылында ауданымыздың 90 жылдығына ұйымдастырылған шара керемет деңгейде ұйымдастырылып, әр мекеме өзіне берілген қолдағы бар өнерлерін жастарға үйретіп, өздерінің қолынан келген өнерлерін көрсетіп, керемет бір шараны ұйымдастырып, өз деңгейіне жетті деп ойлаймын»

Бұған дейін аудан көлемінде «Қазына тұнған құт мекен» тақырыбындағы мәдени шаралар өткізілсе, биыл ауданның 90 жылдығына орай ауылдық округтерге арнайы тақырыптар бекітілген. Барлық шаралар аяқталған соң арнайы бағалау критерийлеріне сәйкес мәдениет үйлері сараланып, үздіктерге арнайы орындар мен бағалы сыйлықтар табысталады.

ЖАМБЫХАН ӘБІЛЕШОВА
АРДАГЕР ҰСТАЗ
 ...енді міне осы ауданда тұрдық, райымбек ауданының мінекей 90 жылдығы болғалы жатыр. мына райымбек ауданы ата-бабамыздың атындағы ауданның 90 жылдығы құтты болсын. той болсын. артымыздағы ұрпақтарымыз аман болып, амандықпен осылай қуаныштарда жүздесіп жүрп берейік.”

Іс-шарада ауылдың жетістіктері таныстырылып, мерекелік кеш жергілікті  өнерпаздардың концерттік бағдарламасына ұласты. 

Сондай-ақ оқыңыз: