Бодибилдинг кубогі

Қонаев қаласында бодибилдингтен Алматы облысының алғашқы ашық кубогы өтті. Турнирге Қазақстан мен Қырғызстаннан 125 спортшы қатысып, сахнада мінсіз дене бітімі мен шеберлігін көрсетті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жарыстың мақсаты – өңірде бодибилдингті дамыту, бұқаралық спортты қолдау және салауатты өмір салтын насихаттау. Сайысқа халықаралық жарыстарда ел намысын қорғап жүрген кәсіби спортшылар да қатысты. “Жарыс өңірдегі спорттың дамуына серпін беріп, жастарды фитнеспен айналысуға ынталандырады” дейді ұйымдастырушылар

НИКОЛАЙ ГОНЧАРЕНКО
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ БОДИБИЛДИНГ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ
Өткен жылы біз алғашқы чемпионатты ұйымдастырғанда 65 адам қатысқан еді. Ал бұл жолы қатысушылар саны 125-ке жетті. Осы спорт түрін жеңіл санап, бағаламайтындар бар. Негізі бұл өте ауыр спорт. Мен өзім де спортшымын, екі дүркін абсолютті чемпионмын, Азияны 5 рет бағындырдым, Евразия және Қырғыз Республикасының чемпионымын. Сондықтан бұл саланың қиындығын іштен білемін.

Сондай-ақ оқыңыз: