Жас балуандар жарысы

Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына орай Райымбек ауданында жасөспірімдер арасында қазақ күресінен республикалық турнир өтті. Дүбірлі додаға еліміздің әр өңірінен 11 команда мен 200-ға жуық жас балуан қатысты. Боз кілемде Алматы қаласы, сондай-ақ Қарасай және Жамбыл аудандарының спортшылары жоғары шеберлік танытып, әр салмақ дәрежесінде жеңіс тұғырынан көрінді. Турнир қорытындысында үздік палуандар арнайы дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.


ЖАНАТ ЕСЕНБЕРДИЕВ
ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ АҒА БАПКЕРІ 
“Осы бүгінгі жарысымыздың жеңімпаздары ақшалай сыйлықпен 1 орынға 30мың, 2 орынға-20 мың, 3 орынға-10 мың теңгеден жүлделі қорлары бар. Жәнеде Мұқағали атамыздың белбеулері бар 1 орын алған жеңімпаздарға.”

Сондай-ақ оқыңыз: