Актермен жүздесу
Кемертоған орта мектебінің оқушылары актер Шерхан Пірназаровпен кездесті. Театр өнері мен кино әлемінде танымал актер өз жетістіктерімен бөлісіп, оқушыларға жігер сыйлады. Балалар актерлік шеберлікке қатысты көкейлеріндегі сан сауалға жауап алды. Сұхбат кезінде актер театр өнерінің өткені мен бүгіні туралы әңгімелеп, кино саласындағы шығармашылық үдерістің қыр-сырымен де бөлісті. Поэзия оқылып, сахналық қойылымдар қойылған бұл тәжірибе алаңы жастарға шабыт берді.
КӘУСАР ЕЛШІБАЕВА
ОҚУШЫ
"Бізге өте көп мотивация берді. Көптеген ақыл-кеңес айтты, олардың бәрін санамның бір бұрышына сақтап қоямын. Осындай жұлдызы жанған адаммен алғаш рет сұхбаттасып тұрғаныма қуаныштымын."
ШЕРХАН ПІРНАЗАР
АКТЕР
"Оқушылардың сұрақтары кәдімгі ересек адамдардың деңгейімен пара-пар. Қазіргі оқушылар болсын, тәй-тәй басып келе жатқан актер, актрисалар болсын — олардың дүниетанымы мүлде басқа. Сондықтан пікір алмасып тұрған дұрыс деп ойлаймын. Бір-бірімен коллаборация жасап, өзара толықтырып отырады."