Тарихи мұра
Халықаралық музей күніне орай Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар мұражайында ерекше кеш өтті. Көне тарих пен заманауи мәдениетті, дәстүр мен жаңашылдықты тоғыстырған музей түні биыл бұрынғыдан өзгеше форматта ұйымдастырылды. Мәдени нысанның 45 жылдық мерейтойымен тұспа тұс келген мерекеде келушілер үшін эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, танымдық экскурсия ұсынылды. Ұлттық жәдігерге қызығушылар әдеттегі экспонаттардан бөлек, бұрын соңды ұсынылмаған бірегей жәдігермен танысты. Сондай-ақ, жиын қонақтары жасанды интеллект көмегімен әлемдегі ең танымал картиналарды тамашалау мүмкіндігіне ие болды.
ДАНИЯР ЖАҢҚАБАЕВ
ЫҚЫЛАС АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚ МУЗЫКАЛЫҚ АСПАПТАР МУЗЕЙІНІҢ БӨЛІМ ЖЕТЕКШІСІ
«Бұл енді музей тарихындағы 45 ші музей түні. + Кеште ең бір үлкен жасырын экспонатымыз бар. КСРО халық әртісі, ҚР халық әртісі, Қырғыз республикасының халық әртісі Роза Бағланованың домбырасы бүгін қалың жұртшылыққа қойылды. Кез келген қонақ келіп тамашаласа болады.»