Музейлер фестивалі
Халықаралық музейлер күніне орай, Қонаев қаласының орталық саябағындаа «Ұлы дала шеберлері» атты халықаралық фестиваль өтті. Алматы облысы әкімдігі мен мәдениет басқармасының қолдауымен ұйымдастырылған бұл шара, қазақтың белгілі этнографы әрі ұстасы Дәркембай Шоқпарұлының 80 жылдық мерейтойына арналды.
Шараның басты мақсаты музей ісінің қоғамдағы маңызын арттыру және дәстүрлі қолөнерді кеңінен насихаттау. Фестивальдегі «Ғасырлар аманаты» көрме-экспозициясы аясында Алматы облысы музейлері бірлестігінің қорынан Жамбыл Жабаевтың үй-музейінен алынған тұрмыстық бұйымдар, сақ дәуіріне жататын археологиялық олжалар назарға ұсынылды. Басты ерекшелік Дәркембай Шоқпарұлының өз музейінен бірталай құнды дүниелер мен сирек экспонаттар.
ДӘУЛЕТ ДӘРКЕМБАЙҰЛЫ
Д. ШОҚПАРҰЛЫ МУЗЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
«Д. Шоқпарұлы бар ғұмырын осы қазақстың қол өнеріне және огсы музей саласына өте көп еңбегі сіңген азамат. Өмірі осы музей саласымен, қолөнермен тығыз байланысты болғандықтан мына жан жақтан көрші мемлекеттерден Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия сияқты мемлекеттерден қолөнер шеберлерін шақырып осы достастығымыз нығайсын, ұлғайсын деген ниетпен осы іс шараны ұйымдастырып отырмыз»
Шара аясында Дәркембай Шоқпарұлының шәкірттері мен ізбасарлары, сондай-ақ шетелдік қолөнершілер қатысқан көрме-жәрмеңке ұйымдастырылды. Саябақ аумағында арнайы этноауыл құрылып, келген қонақтарға қолөнер бұйымдары таныстырылды.
ДАСТАН МАРАТҰЛЫ
ТІЛШІ
«Фестивальдің көрікті жері ұлттық нақыштағы көрме болды. Бұл жерде түрллі бұйымдар, қыштан жасалған, зергерлік әшекейлер қойылған. Бір қызығы бұл жерде тек отандық шеберлер ғана емес, сондай ақ шетелден келген шеберлердің де бұйымдары Қонаев қаласының тұрғындарына ұсынылған.
СИХРОБ ЮСУПОВ
ӨЗБЕКСТАННАН КЕЛГЕН ҰСТА
Мен сегізінші ұрпақтан бері келе жатқан қыш бұйымдарының шеберімін. Біз отбасымызбен бірге саздан мынадай бұйымдарды жасаймыз, бұлар тәрелкелер, вазалар, тостағандар және тағы басқалары. Олар кәдесый ретінде де, күнделікті тұрмыста да пайдалануға болады. Біз бұрыннан мұндай фестивальдердің қатысушысымыз, Еуропада, АҚШ-та болдық. Ал Қонаевқа алғаш рет келіп тұрмыз, қала да, адамдары да өте ұнады. Сауда жақсы жүріп жатыр, адамдар көріп, сатып алып жатыр, бәрі керемет
Фестивальдің мәдени бағдарламасы аясында отандық өнер ұжымдары мен елімізге танымал өнер жұлдыздарының қатысуымен үлкен этно-концерт ұйымдастырылды. Ұлттық фольклор мен заманауи бағытты ұштастырған кешке қала тұрғындары мен қонақтары көптеп жиналып, ашық аспан астындағы мәдени шараны тамашалады.