Кітап оқу мәдениеті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі Жарлыққа қол қойғаны белгілі.  Құжат аясында ұлттық әдеби мұраны насихаттап, цифрлық кітапхана платформасын құру көзделген. Осы орайда Райымбек ауданындағы кітапханалар да заман көшінен қалмай, кітапхана жұмысын жетілдіріп келеді. Тақырыпты Аяла Ұланқызы жалғастырады.


Жамбыл ауылындағы Сағат Әшімбаев атындағы мектеп мұражайында қаламгердің 2 500-ге жуық жеке кітап қоры сақталған. Сонымен қатар тағы 2 500-ге жуық кітап жазушының шаңырағында тұр. Қорда медицина, философия, дін, әлем әдебиеті мен ғылым-білімге қатысты еңбектер жинақталған. Жазушы әр кітапты мұқият оқып, маңызды тұстарын белгілеп отырған.

АЙГҮЛ СЫҒАЕВА 
МҰРАЖАЙ ЖЕТЕКШІСІ
«Оның барлығын біз оқушыларға көрсетеміз. Оқушылар бұл кітапты оқу арқылы және С.Әшімбаевтың қолтаңбаларын көру арқылы көптеген мәлімет алады. Қызықты сұрақтар болса қояды.Және осы мұрайды оқушылар келіпғ көріп осы Әшімбаев сияқты болғысы келеді»

Сонымен қатар Жамбыл ауылдық кітапханасы оқырмандарға тұрақты қызмет көрсетеді. Кітапхана қорында 6 360 дана кітап бар, ал қазіргі таңда 787 оқырман тіркелген. Мекеме “Барыс” автоматтандырылған электронды жүйесі арқылы кітап қорын электронды каталогқа енгізді.

ЕРКЕНАЗ ИСАТАЙҚЫЗЫ
 ОҚУШЫ
“Мен Сағат Әшімбаевтың жазған кітаптарынан басқа, өзінің бала кезден оқыған кітаптарын сүйіп оқимын. Себебі, ол менің тіл байлығымды дамытады жәнеде мен осы Жамбыл ауылының кітапханасының тұрақты оқырманымын”

Мемлекет басшысы өз жарлығы арқылы еліміздегі кітапхана ісіне жаң серпін берді. Отандық жазушыларды қолдау міндеті жүктелді. Рухани мұраға айналған құнды кітаптар жас ұрпақтың білімге деген қызығушылығын арттырары сөссіз. 

Сондай-ақ оқыңыз: