Мәдениет мәйегі

Райымбек ауданында мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Айтулы мерекеде өңірдің өркениетін дамытуға үлес қосып жүрген үздіктер марапатталып, құрметке бөленді.

Қайнар ауылында өткен “Ел қорғаған ерлер мекені” атты мәдени-көпшілік шара барысында ауданнан шыққан батырларға арналған арнайы көрме қойылып, ұлттық өнер насихатталды. Күй тартылып, патриоттық әндер шырқалды.


СОВЕТХАН ҚҰДИЯРБЕКҚЫЗЫ
ЗЕЙНЕТКЕР, БҰРЫНҒЫ МӘДЕНИЕТ ҚЫЗМЕТКЕРІ
 “Бұл шаралардың әр ауылға берілген тақырыптарыда бөлек-бөлек,бір ауыл қазына тұнған мекенін ұлықтап жатса, екінші ауыл сол ауылдан шыққан еразаматтарын, ерлерін мадақтап жатыр. енді бір ауыл ардагерлерді, шығып жатқан үлкен тұлғаларды ұлықтап жатқан үлкен шара болып жатыр.”

Мерекелік шаралар аясында аудан әкімі Дастан Сұлтанмұратұлы мәдениет қызметкерлерін арнайы қабылдап, кәсіби мерекелерімен құттықтады. Сала мамандарына алғыс хаттар табысталып, мәдениет саласының дамуына қосқан үлестері ерекше аталып өтті.

АЛМАС ҚИЯС
САРЫЖАЗ АУЫЛДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
  ”Жылда бұл мереке елеп, ескеріледі. Өткен жылы біздің аудан үшін жемісті жыл болып, “Ауылым-алтын бесігім” жобасы аясында ауданымыз бас жүлде алып, кобальт автокөлігін иеленген. Алдыда 90 жылдық аясында артылған жауапкершілік жоғары, бір жұдырықтай жұмылып, сенімдеріңізді ақтаймыз.”

Ал Сарыжаз ауылында өткен “Тарихқа айналған тағдырлар” атты кеште ел тарихында із қалдырған тұлғалардың өмір жолы насихатталып, тағылымды көрме мен мәдени бағдарлама көпшілік назарына ұсынылды.

Сондай-ақ оқыңыз: