Алматы облысының көркем келбеті кино әлемінде

Алатаудың баурайы тағы бір ауқымды халықаралық жобаға арқау болды. Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев Ұйғыр ауданындағы Дардамты ауылында орналасқан түсірілім алаңына барып, шығармашылық топтың жұмысымен танысты. Қазақстандық «Atadala» продакшны мен оңтүстіккореялық продюсер Руслан Пак жетекшілік ететін жоба Қазақстан мен Оңтүстік Кореяда қатар түсірілуде. Телехикая 2027 жылы көрерменге жол тартпақ. Сериалдың негізгі көріністері Шарын шатқалы мен Іле өзенінің жағалауында түсіріліп жатыр. Көркем табиғатымен ерекшеленетін өңір шетелдік мамандардың қызығушылығын арттырған. Жоба аясында актерлер, каскадерлер, техникалық мамандар мен жергілікті тұрғындарды қоса алғанда, жүздеген адам еңбек етуде.

МАРАТ СҰЛТАНҒАЗИЕВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Біз әлемдік деңгейдегі фильм түсірілімі жүріп жатқан нысанда болдық. Бұл жоба тек киноөндіріс емес, сонымен қатар туризмді де тартатын бағыт. Ең бастысы бұл біз үшін жаңа сала, яғни креативті экономика. Қазір Қарасай, Ұйғыр және Кеген аудандарында да фильм түсірілімдері жүріп жатыр. Бұл бағыт алдағы уақытта шетелдік туристерді тартуға және өңір экономикасына қосымша серпін беруге ықпал етеді. 

Сондай-ақ оқыңыз: