«Ақ сәулем»

Бүкіл ел жатқа айтып, бір дәуір жастарының аузынан түспеген «Ақсәулем» әні жайлы жаңа фильм түсіріледі. Мұнда әсем әннің тарихы, оны шырқаған әнші Өктем Алтаевтың өмір жолы сондай ақ сол кездегі сахнаның қызығы мен шыжығы баяндалады. Ал қызықты картина қашан көрерменге жол тартады? келесі бейнематериялда.

90 жылдар мен 2000 жылдардың басы жаңа эстрадалық бағыттың етек алуымен сондай ақ шоу-бизнестің өмірге келуімен есте қалды. Соның бір дәлелі  - қазақ музыка өнерінде айна-қатесіз қалған тіпті әлі күнге дейін шырқалып жүрген тәлейлі туынды «Ақсәулем» әні. 

ҚАНАҒАТ МҰСТАФИН
РЕЖИССЕР
«Ақсәулемді мен жас кезімде де естідім. Соңғы жылдары саундтректе де шығып жүр. Содан кейін мынадай ой туындады. Неге бәр киноға. Неге тарихын ашып көрсетпеске деген ой туындады. Содан Өктем ағамен кездесіп шынымен кино түсіруге тұрарлық екен.»

Басты рөлді әнші Нұрдәулет Карлов сомдайды. Ол «кәсіби актер болмағанымен, өз кейіпкерімді жақсы түсінемін» дейді. 


НҰРДӘУЛЕТ КАРЛОВ 
АКТЕР
«Рөл оңай емес. Музыканттың рөлін ойнау. Мен өзім әншімін. Музыканттың ішіндегі болін жеткізу, оның стараниясы, хит жазуға жасап жатқан қадамдарын көрсетуге тырыстық. Бәрін Өктем ағаның өзінен сұрап жүремін. Мныа жерде қандай оқиға болып еді деп. Әлі де үйреніп жатырмын.» 

Өнер адамы үшін оның шығармашылығы нәсихатталғаннан артық бақыт болсын ба?!. Ән авторы әрі орындаушысы Өктем Алтаев үшін бұл сәт - тарихи сәт. 


ӨКТЕМ АЛТАЕВ 
ӘНШІ 
«Мен өз өмірім жайлы кино түсіреді деген үш ұйықтасам түсіре кірген дүние емес. Маған режиссер Қанағат Мұстафин қалай хит болды. Сол жайлы фильм түсірейік деген ұсыныс тастады. Мен ойландым да келісімге келдім. Өйткені мен ол жігітті зерттедім. Ол жігіт оның алдында Қажымұқан деген фильм түсірген. Мен ол киноны көріп риза болып қайтқам.» 


Кинокартина түсірілімі екі аптаға жалғасады. Ал көрермен назарына биыл қазан айында жол тартпақ.  

Сондай-ақ оқыңыз: