Дала мұрасы фольклордан - бабалар үні естіледі

Алматыда көрнекті әдебиеттанушы ғалым, профессор, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Зұфар Сейітжановтың 85 жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті. 
Алқалы жиынға отандық және шетелдік жоғары оқу орындарының ғалымдары, сондай ақ фольклортанушылар мен әдебиеттанушылар қатысты. Отырыста халық шығармашылығы мен қазақ әдебиетінің өзара сабақтастығы кеңінен сөз болды. Әрі ұлтымыздың эпостық мол мұрасын цифрлық форматқа көшіру жолдары талқыланды. Оған қоса осынау рухани мұраны қайта жаңғыртуға жанын салып, салада көптеген шәкірт тәрбиелеген айтулы ұстаздың ерен  еңбегі де жан-жақты нәсихатталды.   

ЕРХАН ҚАРБОЗОВ   ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ
«Зұфар Нұрсапаұлы қазақ әдебиеті тарихымен әсіресе қазақ фольклорына көп еңбек етті. Әсіресе Қытайдағы қазақ фольклористикасының, қазақ әңгімелерінің қалыптасуы, дамуы, Қытай қазақтарының фольклористикасының қазіргі зерттелу деңгейі туралы көптеген ұжымдық монографиялар, оқу құралдары, жеке монографиялары жарық көрді.» 

Сондай-ақ оқыңыз: