Көкірегін көлдей білімге толтырған қазыналы қарт

Қарасаз ауылының тұрғыны Клара Смайлованың  жасы тоқсанға тақаған. Бос уақытын кітап оқумен өткізетін кейуананың сөресінде мыңға жуық көркем еңбек қаздай тізіліп тұр. Жақсы әдетке әуестігімен жастарға үлгі болып отырған қазыналы қарт туралы келесі бейнематериалда.

Клара Смайлова кітаптарын ұзақ жылдар бойы мұқият жинап, реттеп сақтап келеді. Қазір бұл көркем еңбектерді ұл-қыздары, немерелері мен шөберелері де қызыға оқиды. Кейуана кезінде ақын Мұқағали Мақатаевтың шәкірті болғанын ерекше мақтанышпен айтып отырады.  

КЛАРА СМАЙЛОВА           АРДАГЕР ҰСТАЗ
“Менің кітап оқуға, жаңағы ұрпақтарыма тәрбие беруіме, мұғалім болуыма Мұқағали атаның септігі тиген. Ол кісі мкнің ұстазым, Лашын екеуіде маған сабақ берген. Кітап оқу, кітапты күтіп ұстау, ішіндегі кейіпкерлерін біле білу деген нәрсені сол уақыттан жадымда сақтағанмын.”


Алақандай Қарасаз ауылдық кітапхана қоры 7600 данаға  жуықтайды. Бүгінде кітапхана “ИрБис” автоматтандырылған электронды жүйесі арқылы жұмыс істеп, оқырмандарға талапқа сай қызмет көрсетіп отыр.


ІНЖУ ӘКІМҚОЖА               ОҚУШЫ
“Райымбек! Райымбек! Поэмасынан үзінді
  Қара таудың басынан көш келеді».
Қара жорға шайқалып, бос келеді.
Қара күнді жамылып, қара қазақ
Қара түнді басынан кешкен еді.
Қара қайғы көрсетпей ештеңені,
Қара жауы қанатын кескен еді.
Шұлғау болып қыздардың кестелері,
Талай қара шаңырақ өшкен еді.
«Қара таудың басынан көш келеді!!!»


Көркем шығармаға деген құштарлық пен рухани құндылыққа деген құрмет Қарасаз жастары арасында кеңінен етек алып келеді. 

Сондай-ақ оқыңыз: