AMANAT CUP

Қонаев қаласында «AMANAT» партиясының ұйымдастыруымен шағын футболдан тұңғыш рет «AMANAT CUP» облыстық турнирі өтті.

Партияның облыстық филиалы бастамашылық еткен спорттық шараға аймақтың әр ауданынан келген 8 команда қатысты. Оған мәслихат депутаттары, партия мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары және «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері қатысты.  Басты мақсат партия мүшелері арасында командалық рухты нығайту, өзара байланысты күшейту және салауатты өмір салтын насихаттау. Сонымен қатар бұл турнир қоғамдық жұмыста қатар жүрген азаматтардың бейресми ортада пікір алмасуына және бір-бірімен жақын араласуына мүмкіндік береді.
Жарыс қорытындысы бойынша алғашқы үштікте «Қонаев Барыс», «Қонаев» пен «Алаш» құрамасы бар. Сондай ақ ойында ерекше шеберлік танытқан бірнеше адам «Үздік қақпашы», «Үздік шабуылшы» және «Үздік қорғаушы» арнайы номинацияларымен марапатталды.


СЕРІК НҰРҚАДЫРОВ
«AMANAT» ПАРТИЯСЫ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ
Біздің енді былтырдан бастап жатқан турниріміз, ұйымдастырып. Бұл енді жылда дәстүрлі түрде өтеді, бұл енді спорт дегеніміз тек қана тер төгу емес. Бұл жерде спорт дегеніміз ынтымақ, бірлік. Сондықтанда осындай шаралар біздің партияластарымыз арасында ынтымақты күшейтеді, бірлікті күшейтеді деген сенімдеміз.

Сондай-ақ оқыңыз: