Іле ауданында Өтеген батырды еске алуға арналған дзюдодан республикалық турнир басталды
Іле ауданында қазақтың даңқты батыры, халық қаһарманы Өтеген батырды еске алуға арналған дзюдодан республикалық турнир басталды.
Ел спортын дамытуға, жас буынды шыңдауға бағытталған бұл дәстүрлі жарыс биыл да жоғары деңгейде ұйымдастырылып отыр. Ауқымды додаға еліміздің әр өңірінен екі жүзге жуық жас балуан жиналды.. Олар күш пен жылдамдықты ғана емес, шеберлік пен сабырды, техника мен тактиканы да сынға салуда.. Ұлдар сегіз салмақ дәрежесінде, ал қыздар жеті салмақ дәрежесінде өзара мықтыны анықтайды. Турнир екі күнге жалғасып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубок, медаль және қаржылай сыйлықпен марапатталады. Өтеген батырдың ерлігі мен рухын ұлықтаған бұл спорттық бәсеке жас ұрпаққа жігер беретін маңызды шара.
ҰЛДАНА ТҰРСЫНӘЛІ
ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ
«Дзюдоға келгеніме екі жылдай болды. Үш чрк ға бардым. Және бір чрк дан бірінші орын алдым Қарағанадыда болған гимназяидан. Бәрі жақсы күреседі, мықты күреседі. Бірақ енді. Күштің арқасында, еңбегімнің арқасында ұтып шықтым екі қарсыласымды.»
ТӨЛЕГЕН СҰЛТАНОВ
ЖАТТЫҚТЫРУШЫ
«Өте жақсы балалар келіп күресіп жатыр. 2009 Алматы облысы команда балалры келіп күресіп жатыр қыздары, кеш һе чемпионатқа қатысқан қыздар бар. Состав жақсы негізі. Алматы облысында дзюның дамуын мен өте жақсы бағалаймын. Аудандарда спорт мектептері ашылып жатыр. Қазіргі жас балаларымыз өте жақсы нәтиже көосетіп жатыр.»