Қарасай ауданында алғаш рет «Экстремалды эндуро» ауқымды фестиваль өтті

Қарасай ауданындағы Қарғалы тауы алғаш рет «Экстремалды эндуро» ауқымды фестиваль алаңына айналды. Жарысқа Қазақстан, Қырғызстан және Қытайдан келген 150-ден астам шабандоз бақ сынады.
Мотоспорттың бұл бағытында жылдамдықпен қатар төзімділік пен ептілік басты орында тұрады. Сондықтан қатысушылар күрделі асулармен  мен тастақ  жыралардан өтіп, нағыз шеберліктерін көрсетті. Тіпті ерлермен иық тірескен жалғыз ару Анна Смирнова да ең күрделі соқпақтарды бағындырып, көрерменді тәнті етті. Тартысты өткен доданың қорытындысы бойынша, «Лайт» санатында Қытайлық спортшы Ше Шушан жеңіске жетсе, ең қиын «Хард» санатында Талғарлық шабандоз Закир Холназаров дара шығып, жарыстың үздігі атанды.

ЕРБОЛ АЛПҚАРИН     ЖАРЫС ҰЙЫМДАСТЫРУШЫСЫ
Жарыс жолында әрбір қатысушы өтуі тиіс арнайы бақылау бекеттері бар. Шабандоздар әр нүктеде өзін тіркеп отыруы қажет. Әуесқойлар үшін қашықтық -10 шақырым, ал кәсібилер үшін - 16 шақырым. Уақыт бойынша да шектеулер бар, жеңіл санатқа- 2 сағат, күрделі санатқа - 3 сағат беріледі. Жалпы жүлде қоры 1 миллион теңгені құрайды. Оның 70 пайызы күрделі санат жеңімпаздарына, ал 30 пайызы жеңіл санат үздіктеріне үлестіріледі.

Сондай-ақ оқыңыз: