Есеп беру кеші өтті
Мұқан Төлебаев атындағы балалар музыка мектебінде есеп беру кеші өтті. Сахнада ұстаз Шәмилә Чалдаеваның шәкірттері жыл бойы меңгерген дағдысын ортаға салып, өнерін көрермен назарына ұсынды. Кеш барысында баян мен аккордеон аспабының үні естіліп, ән шырқалып, би орындалды. Концерттің айрықша тұсы - қатысушылардың көп қырлылығында. Олар қойылым барысында ән айтып тұрып, би билеуді қатар меңгерген. Кеш ұстаз бен шәкірт арасындағы рухани сабақтастықтың айқын көрінісіне айналды. Өнер мен сахна астасып, көрерменді үздіксіз тылсым өнер әлеміне жетеледі.
ДИАНА ӘКІМБАЕВА
ОҚЫТУШЫ
- «Кеш жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Оқытушылар мен студенттерден тұратын ансамбль құру шығармашылықтың шыңы десек те артық емес. Оқытушылар өз шеберлігі мен тәжірибесін шәкірттеріне жеткізеді. Ал шәкірттері білімді іс жүзінде, яғни практикада қабылдай алады».