Ықылас атындағы халық аспаптар музей қоры жаңа экспонатпен толықты
Ықылас атындағы халық аспаптар музей қоры жаңа экспонатпен толықты.
Қазақ ән өнерінде ойып тұрып орнын алған халық әртісі Роза Бағланованың балалары әншінің домбырасын музейге табыстады. Тарихи жәдігермен толыққан музей ұжымы үшін бұл айтулы күн. Ал домбыраның тарихы қандай?
Бұл домбыраның өзіне тән сырлы шежіресі бар. 1986 жылы Роза Тәжібайқызы қастерлі аспабын өнерге енді қадам басқан жас ұжымға аманат етіп табыстапты. Тағдырдың тосын сыйындай, арада он үш жыл өткенде қос ішекті мұра қайтадан иесіне оралады. Шәкірттері қос ішекті аспап бетіне ізгі лебізін жазып ұстазына құрмет көрсетіп, қайта сыйлаған.
ТӘЖЕН БАҒЛАНОВ
Р.БАҒЛАНОВАНЫҢ ҰЛЫ
«Апам азамат болды ғой енді. Сондай тарихи адам. Бірақ өзі әйел болса да, темірден жасалған қылыщ сияқты. Енді адам соғыста болып, соғысты көрген. Үйде апаның роялі тұр. Ол шетелде жасалған. 82 жылы оны үйге алып келген. Оны кабинетный рояль дейді. Ол кішкентай, дайындыққа арналған рояль. Үйде тұр. Ол – тарих.»
Күміскөмей әншінің балалары музей ұжымына ақжарма тілегін айтты. Әрі анасының өр тұлғасын еске алды.
МАРАЛ БАҒЛАНОВА
Р. БАҒЛАНОВАНЫҢ КЕЛІНІ
«Мен келін болып түскенде ол кісі 79 жаста еді. Мен небәрі 21 жаста едім. Сондықтан қазір түсніп жатқаным ол кісінің сондай даналығы. Алдына келген жас қызды үркітіп алмай, өзінің құшағына басып, ана ретінде тәрбиелеп жол көрсетті. Өзінің мәдениеттілігін көрсетті.
Ықылас атындағы халық аспаптар музей қорында қазір екі мыңнан аса аспап бар. Рухани орталық әр жылы құнды экспонаттармен толығып келеді.
ДАНИЯР ЖАНҚАБАЕВ
МУЗЕЙДІҢ БӨЛІМ ЖЕТЕКШІСІ
«Биылғы жылы бірнеше аспаптарды сыйға алдық. Оның бірі – Димаш Құдайбергеннің бала күнгі домбырасы. С. Тұрысбек аағамыздың домбырасы. Роза Бағланованың домбырас бар. Және 50 ге жуық ұлттардың аспаптары бар.»
Роза Бағланова шетелді көп аралаған КСРО әншісі. Мұндай мүмкіндік ол кезде көп әншінің бағына бұйыра бермейтін. Халық әртісі қазақтың қос ішекті аспабын ғана емес, мәдениетін күллі жұртқа әйгілеген.