Мүмкіндік алаңы
Еңбекшіқазақ ауданында ArtSport жобасының 5 жылдығына арналған фестиваль өтті. Ауқымды жиынға әр ауылдан келген 2000-нан астам бала қатысты.
Жас өнерпаздар ән айтып, би биледі. Қыл қалам шеберлері сурет көрмесін көпшілік назарына ұсынды. Жалпы ArtSport балаларға шығармашылық үйірмелер мен спорт секцияларына тегін қатысуға мүмкіндік беретін бағдарлама. Аталмыш жоба бюджет есебінен қаржыланады. Қазір бұл бағдарлама жиырма мыңнан астам жас дарынды қамтып отыр. Ал осы уақытқа дейін 100 мыңға жуық шәкірт түлетті.
ЖАНАР ТҰРҒЫНБАЕВА
«ART SPORT EDU» ҚАУЫМДАСТЫҒЫ ӨҢІРЛІК ӨКІЛДІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
«Бұл бағдарлама 5 жылдың ішінде өте жақсы жоғары нәтижесін көрсетіп жатыр. Балалар өз өнерлерін жоғары деңгейде көрсетіп жатыр. 5 жылдың ішінде біздің балаларымыз Алматы облысы бойынша халықаралық деңгейде өз өнерлерін көрсетіп жатыр. Он шақты біздің жаңағы мекемелеріміз тапсырушылар жыл сайын халықаралық деңгейдегі конкурстарға қатысып жатыр. »