Халықаралық автотуризм мен көшпенділер мәдениетін тоғыстырған фестиваль

Елімізде 24-26 шілде күндері халықаралық автотуризм және көшпенділер мәдениетіне арналған GREAT ORDA 2026 фестивалі өтеді.

Ауқымды шараға еліміздің түкпір-түкпірінен және шетелдерден жол талғамайтын көлік иелері мен саяхатшылар қатысады. Сондай ақ автоклубтар мен туристік қауымдастық өкілдері де шақыртылған. Фестивальдің басты ерекшелігі – Ұлы Даланың бай мұрасын заманауи автотуризм мәдениетімен ұштастыру. Экспедициялық көліктер жаңа дәуір көшпенділерінің «темір тұлпарына» айналып, қатысушылар ерекше безендірілген техникасы мен ұлттық нақыштағы заманауи образдарын көпшілік назарына ұсынады. Бағдарлама аясында жол талғамайтын техникалар көрмесі, туристік бағыттар таныстырылымы, сондай ақ мәдени-танымдық іс-шаралар ұйымдастырылады. Оған қоса фестиваль Қазақстандағы автотуризмді дамытуға және елдің туристік әлеуетін арттыруға мол мүмкіндік жасайды.

ӘБДУӘЛИ ӘБДУҒАЛИ
DRIVE FORUM GREAT ORDA ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ
Осы биыл Алматы облысында, Қонаев қаласында Ұлы Орда фестивалін өткіземіз. Ұлы Орда деген саяхатқа арналған. Биыл бізде Солтүстік Қазақстан екі-үш аптадан кейін шығамыз сол жаққа. Содан кейін мына осы біздің фестивальымыз біз осы жақтан шығып, содан кейін бізден тағы да кішкене жалпы кішкентай экспедиция болады да, біз осы жақтан шығып Алакөлге дейін барамыз. Алакөлден сол жақта финиш болады да, сол жақтан мероприятиені мына жобаны жабамыз. 

Сондай-ақ оқыңыз: