Жазушы, драматург Сұлтанәлі Балғабай 80 жасқа толды

Биыл жазушы, драматург, журналист, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сұлтанәлі Балғабай сексен жасқа шықты. Әдебиет пен мәдениеттің дамуына елеулі үлес қосқан көрнекті қаламгер мерейтойы Шамалған ауылындағы «Атамекен» тарихи мәдени орталығында аталып өтті. Жиынға белгілі тұлғаның шәкірттері мен жолдастары, қоғам қайраткерлері құттықтай келді. Толығырақ тілші материалында. 

Сұлтанәлі Базарбайұлы Қызылорда облысының Шиелі ауданына қарасты «1 Май» ауылында дүниеге келген. Жазушы-драматург ретінде көпке танымал тұлғаның қаламынан туған «Алтын сағым», «Құм мен қызғалдақ», «Шөл» сынды жиырмаға жуық еңбегі кітап болып басылған. Бұдан бөлек, «Қыз жиырмаға толғанда», «Біз де ғашық болғанбыз», «Ең әдемі келіншек», «Ғашықсыз ғасыр» тәрізді 25 пьесасы әлі күнге дейін сахнада сомдалып келеді. Көркем қойылымдар көршілес  өзбек, қырғыз,  қарақалпақ  және  Моңғолиядағы қазақ театр төрінде де талай сахналанып, жұрттың жоғары бағасын алған. 


ДӘУЛЕТ СЕЙСЕНҰЛЫ
ЖАЗУШЫ-ЖУРНАЛИСТ
«Пьесаларың барлығы қазіргі күннің тақырыбы. 20-25 жыл бұрын жазған пьесалары әлі сахнадан түспей келе жатыр. Әсіресе жастар көптеп барады. Көбіне әңгімелерінің барлығы елдің өмірі. Салыстыратын болсақ енді артықта емес Б. Майлин стильіндегі жазушы деп білемін.»

«Пьесаларың барлығы қазіргі күннің тақырыбы. 20-25 жыл бұрын жазған пьесалары әлі сахнадан түспей келе жатыр. Әсіресе жастар көптеп барады. Көбіне әңгімелерінің барлығы елдің өмірі. Салыстыратын болсақ енді артықта емес Б. Майлин стильіндегі жазушы деп білемін. »
Сұлтанәлі Балғабаевтың  пьесалары отбасылық- тұрмыстық драмаға негізделгенімен кейіпкерлерінің жан-дүниесін тағы бір аша көрсететін тұсы- музыкамен көркемдеуі;  жылата отырып, күлдіреді, ән салғызып,  билетеді..  сондай шоқтығы биік шығарманың бірі «Ең әдемі келіншек» спектаклі.  
Сұлтанәлі ағаның  Дүниежүзі қазақтары қауымдастығында жасаған қызметі бір төбе.  Төралқа төрағасының орынбасары ретінде Еуропа мен Азиядағы  сан мыңдаған шетелдегі қандастардың атажұртқа оралуына қол ұшын созды. Олардың Қазақстанда оқып білім алуына жағдай жасау үшін  дайындық бөлімдерінің ашылып, жүйелі жұмыс істеуіне өз үлесін қосты.


СҰЛТАНӘЛІ БАЛҒАБАЕВ
ЖАЗУШЫ, ДРАМАТУРГ
«25 жыл шетел қазақтарымен байланыс жасадым. Оның ішінде көші қон байланысы бар. Балаларды әкеліп оқыту байланысы бар. Сосын өнер саласында байланыс жасалды. 1,5 млн қазақ атажұртқа оралды. Соның ішінде жүрдім ұйымдастырып. Қазір олар  олар 3 млн-ға жетті. Қазақтың тілі, мәдениеті, әдебиетінің өсіп-өркендеуіне үлкен үлес қосты осы ағайындар. »

Еңбек жолын «Білім және еңбек» журналынан бастаған Сұлтанәлі Базарбайұлы 2002 жылдан 2018 жылға дейін шетел қазақтарына арналған «Алтын бесік» журналын шығарған. Белгілі тұлға «Жалын» баспасында да біршама жыл еңбек етіп, баспасөзде  әдебиет пен өнердің, ана тілі мен ұлттық жағдайдың өзекті  мәселелері туралы  көптеген мақала жариялаған. Бүгінде жоғары оқу орыны  студенттеріне  білім беріп жүрген ұстаз Сұлтанәлі Балғабаевтың әлі де қолынан қаламы түспей, шығармашылықпен үздіксіз айналысып келеді.

Сондай-ақ оқыңыз: