Мемлекеттік қызметкерлер арасындағы спартакиада

Қарасай ауданында мемлекеттік қызметкерлер арасында өткен облыстық спартакиада өз мәресіне жетті. 9 түрлі спорттық сайыстың басын біріктірген айтулы додада әр өңірден келген 21 құрама өзара бақ сынасты. Толығырақ әріптесім тарқатсын. 

Спартакиада футзал, баскетбол, футбол, волейбол, үстел тенниі, тоғызқұмалақ, сондай-ақ кибер спорт түрінен өтті.  Ал қатысушы саны алты жүзден асады. Алаңда командалар жылдам шешім қабылдау, өзара түсіністік пен шапшаң әрекет ету қабілетін көрсетуге тырысты. Бақанас ауылынан келген Дархан Совет тұрғын үй коммуналдық инспекциясында бас маман. Ол бұл жолы бозкілемде белдесіп, алғашқы қарсыластарынан қара күшінің басым екенін көрсетті. 

ДАРХАН СОВЕТ 
ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ 
«Жылда мемлекеттік қыметшілер арасында спартакиадаға келеміз. Әр жылы әрқалай әртүрлі спортта, былтыр тоғызұмалақтан келгенмін. Биыл күрестен. Сол, тамаша өтіп жатыр.»

Былтыр командалық есепте Кеген аудан бірінші орын алған еді. Биыл да қатысушылардың жігері тасқындап, рухтары асқақтап тұр. 


НҰРСҰЛТАН ӘРІПБАЙ 
ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ 
«Жылдан жылға қарсыластар өте мықты болып келе жатыр. Біздің топта мынау Талғар ауданы, облыстық акимат және сот төрелігі коммуналары бар екен. Барлық команда мықты. Жақсы дайындықпен келген. Өзгерістер бар. Жаңа жас мамандар келіп жатыр, жаңа таныстар тауып жатырмыз.»

МАДИЯР ЕСЕБАЕВ 
ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІК ІСТЕР АГЕНТТІГІНІҢ АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ  
«Біздің Алматы облысының он сегізінші спартакиадасы. Бұл мемлекеттік қызметшілердің арасында достқты нығайту, ары қаратай танысты және де былтыр енді кішкене аздау болды. 500 қатысуш, 13 команда қатысқан болатын. Биыл осы командалар саны артып келе жатыр.» 

Жарыс қортындысы бойынша командалық есепте Кеген ауданы озып шықса, екінші орында Балқаш, ал үздік үштікті түйіндеген – Іле ауданы. Құқық қорғау органдары арасында Алматы облыстық полиция департаменті алға шықты. Жеңімпаздарды алда Көкшетау қаласында өтететін республикалық спартакиада күтіп тұр.

Сондай-ақ оқыңыз: