Әуезов кітапханасына сый

XVI ғасырдың бірегей басылымдары алматыдағы Мұхтар Әуезов атындағы кітапханаға сыйға тартылды. Игі шара аясында дөңгелек үстел ұйымдастырылып, тағлымды әңгімелер айтылды.

Кездесуге ұлы жазушының туған немересі белгілі түрколог ғалым — Зифа-Алуа Мұратқызы да келді. Ол өзімен бірге сирек кездесетін бірнеше құнды кітап ала келіпті. Зиялы қауым өкілдері мен кітапханшылар кездесу барысында жастар арасындағы оқу мәдениетін дамыту туралы да сөз қозғары. Сондай ақ кітапханалар әлеуетін арттырып, жұмыс көлемін ұлғайту туралы да өз ұсыныстарын ортаға салды.  Мұнда Әуезовтер отбасының әдебиет пен ағарту ісіне қосқан елеулі үлесі де ұмыт қалған жоқ.  Орайлы сәтте қатысушылар қоғам қайраткері және мәдениеттанушы Мұрат Әуезовтің қызметін де жоғары бағалады. 


БАҚЫТЖАМАЛ ОСПАНОВА АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН КІТАПХАНАЛАР ЖҮЙЕСІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ КЕҢЕСШІСІ

Мұрат Мұхтарұлы Әуезовтің отбасы бізге XVI ғасырдың сирек басылымдарын, Қожа Ахмет Яссауи қолжазбасын және басқа да көптеген қолжазбаларды сирек кітаптар мен қолжазбалар қорына сыйға тартты.


ЗИФА ӘУЕЗОВА      МҰХТАР ӘУЕЗОВТІҢ НЕМЕРЕСІ

 мен үшін көптеген адамдардың бұл туралы өте жеңіл еске алатынын көру, есту үлкен қуаныш болды. Мемлекеттік, азаматтық қайраткер, азаматтық қоғам белсендісі, кино жетекшісі, әдебиеттанушы, Ұлттық кітапхана директоры ретінде. Яғни, әртүрлі салаларда ол өзін шығармашылық және инновациялық түрде көрсетті және мұның бәрін үлкен қуанышпен жасады. 

Сондай-ақ оқыңыз: