Кітап оқу мәдениеті дамып келеді

Таза ауада, кең далада кітап оқыған жұрт көпке үлгі болды. Кеген ауданының Саты ауылында кезекті «Табиғат аясында кітап оқу» республикалық семинары өтті. 
Осымен 5-ші рет өткізіліп отырған дәстүрлі жиынға кітапсүйер оқырман, баспа өкілдері және еліміздің түкпір-түкпірінен келген 170 мектеп кітапханашысы қатысты. Олар көрікті табиғат аясында көптеген шығармалар оқылып, жан-жақты талқыланды. Әрі кітап оқудың қаншалықты маңыздылығын насихаттады. Сонымен қатар, қонақтар «Көлсай көлдері» ұлттық табиғи паркімен танысып, көл аумағына саяхат жасады. Семинарды қорытындылау барысында әр өңірден келген кітапханашылар дипломдармен марапатталып, қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды. Аталған шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығы аясында ұйымдастырылған. 

ӘЛИЯ САЙДЕМБАЕВА
ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КІТАПХАНАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
«Негізгі мақсат – оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру, мектеп кітапханашыларының кәсібилігін дамыту, бір-бірімен тәжірибе алмасуына мүмкіндік жасау. Сонымен қатар, БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының төртіншісі – сапалы білім беру және он бесіншісі – экологияны қорғау бағыттарын насихаттау».

МАЙРА УРИНБАЕВА 
КІТАПХАНА МЕҢГЕРУШІСІ
«Кітап десе кітапхана аудиториясы ғана емес, бұл жаратылыстану пәндерімен кіріктіріле отырып, шығармаларымызды кеңінен насихаттау. Біздің алған сабағымыз кітап және цифрлық әлем және де стэм. Бұл жерде Ш.Айтматовтың «Боранды бекеті» шығармасындағы темір жолдың үздіксіз қозғалуы мен Абай атамыздың 45 қара сөзі байланыстырылады.»

Сондай-ақ оқыңыз: