50 үздік оқырман анықталды
Алматыдағы ғылым ордасында бес мың оқушы қатысқан «Балалықтан – даналыққа» атты кітап оқу жобасының жеңімпаздары марапатталды. Байқау алты айға жалғасып, 22 мектепті қамтыды. Ал кітапсүйер қауымға демеушілік еткен ел ағалары ақжарма тілегін айтып, «Хантәңірі қырандары» қорына түрлі жинақтарды табыстады. Толығырақ тілшіміз тарқатсын.
Жоба аясында Хантәңірі қырандары ұйымы Санжар Керімбайдың кітаптарын таңдапты. Қазір әр қазақ көкейкесті сұрағына жауап алып жүрген «Қаныш және ғылыми майдан», «Өзбекәлі және мәдени майдан» сынды ағартушылық кітабы оқушылардың үлкен қызығушылығын оятты. Әр ауданнан жиналған елу жеңімпаз кітаптан түйген толғанысын жеткізді. Оның арасында Нұржігіт те бар.
НҰРЖІГІТ ҚЫДЫРҒЫШ
ОҚУШЫ
«Бұл кітаптардан біз осы Қазақстанның бұрынғы ССР кезіндегі жағдайы қалай болған, біздің мәдениітіміз қалай дамыған сол жайлы блдік. Маған осы төрт кітаптың бәрінен жақсы әсер алды. Ең қатты ұнағаны Өзбекәлі. Ол Қазақстанның мәдениеті үшін күрескен адам.»
Игі бастаманы қолдап келгендер арасында ғылым және мәдениет сондай ақ өнер саласының майталмандары да болды.
ЕЛДОС ТОҚТАРБАЙ
АЛАШТАНУШЫ
«Ұмытылып кетен тарихи тұлғаларды жаңғыртып отыр. Мәселен, өткен 30 жылдық қоғамда біз тек бір адамды танып келдік. Ал сол адамның маңыйында жүрген ірі тұлғалар бар. Өзбекәлі Жәнібеков болсын, Қаныш Сәтбаев болсын, Жұмабек Тәшенов болсын, бұлардың қай қайссы да насихаттауға, бағалауға тұрарлық тұлғалар.»
НҰРЛАН АЛБАН
ӘНШІ, ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ
«Заманның ағымына байланысты соңғы жылдары кітап оқу мәселесі тіпті адамзат баласындағы тоқырап кеткен дүние болған. Аленді мынадай үлкен бастаманы бастаған, осы бір жобаның іргетасын қалаған екі дүниеде тек жақсылық көр дегеннен басқа айтарым жоқ. Өйткені кітап, бұл - қарап отырсаңыз кітап оқудың өзі адамның психологиялық тұрғыдан, ол азаматықты бір алып қояйық психологиялық тұрғыдан өсіп жетілуіне үлкен бір себепкер болатыны сөзсіз.»
Жеңімпаздарды алда Түркістан қаласына рухани сапар күтіп тұр. Онда оқушылар тарихи қаланы экскурциялап, тың деректермен танысады.