Алматыдағы кино үйі қайта жанданады
Алматыдағы кино үйі қайта жанданбақ. Қазақстан кинематографистер одағының кезекті жиналысында ескірген ғимаратты қайта қалпына келтіру мәселесі талқыланды.
Шығармашылық топ ауқымды құрылыс жұмыстарына инвестор тартуды көздеп отыр. Басқосуда белгілі режиссер Ермек Тұрсынов игі бастаманы қолдайтынын жеткізіп, әріптестерін тарихи нысанды сақтап қалу жолында күш біріктіруге шақырды. Кинематографистер маңызды нысан жаңарса - болашақта шығармашылық қауымның бас қосатын орталығына айналып, киноөндірістің дамуына, көрермендердің жаңа туындылармен танысуына және жаңашылдықтарды талқылауға тікелей ықпал ететініне сенімді.
АДАЙ ӘБЕЛДИНОВ
ҚАЗАҚСТАН КИНОГЕРЛЕР ОДАҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
«Алдағы 10 жылда жұмыс атқарылып, киногерлер үйінің ішіне жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Соның ішінде киногерлерге барлық жағдай жасалады. Әмбебап павильон болады. Киногерлердің бір ортаға жиналатын алаңы болады деген мақсатымыз болған. Сол мақсатқа бүгін қол жеткіздік деген ойдамыз.»