Музей қоры толықты

Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі қоры тағы бір ерекше экспонатпен толықты. Мұражайдың 45 жылдық мерейтойы қарсаңында Португалия елшілігі өздерінің дәстүрлі қос бірдей гитарасын тарту етті. Салтанатты жиында португалдық өнерпаздар гитарамен өнер көрсетіп, көпшілікке  аспаптың өзгеше үнін паш етті. Бастама екі ел арасындағы достықтықты нығайтып, мәдениет пен руханиятты дамытуға бағытталған бірден бір қадам дейді жауаптылар. Қазір музейде 50-ден астам ұлттың музыкалық аспап сақтаулы. Ал жалпы қорда 1400-ге жуық жәдігер бар. 

ДАНИЯР ЖАНҚАБАЕВ
ЫҚЫЛАС АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚ МУЗЫКАЛЫҚ АСПАПТАР МУЗЕЙІНІҢ БӨЛІМ ЖЕТЕКШІСІ
«Музей қорында Оңтүстік Америка мен Солтүстік Америкадан бөлек, бүкіл материктердің, көптеген ұлттардың аспаптары бұл Еуропа болсын, Азия, Африка Славян халықтары, түркі бауырларымыз, кіші елдер дейміз ғой яғни, Сақа республикасы сияқты ұлттардың музыкалық аспаптары біздің қорда. Әлемнің басқа да түкпір-түкпірінен ұлттар өздерінің музыкалық аспаптарын біздің музейге сыйға беруге асығыс.»

Сондай-ақ оқыңыз: