«Тано» мерекесі
Қонаев қаласында корей халқының дәстүрлі «Тано-2026» фестивалі өтті. Іс-шараның мақсаты – корей этносының мәдени мұрасын насихаттап, Қазақстандағы этносаралық татулық пен қоғамдық келісімді нығайту. Фестиваль Бердібек Соқпақбаев атындағы саябақта ұйымдастырылды. Бағдарлама аясында ұлттық ойындар, қолөнер көрмесі, дәстүрлі тағамдар жәрмеңкесі және шығармашылық ұжымдардың концерт көпшілік назарына ұсынылды.Тано – көктемгі егіс жұмыстары аяқталғаннан кейін тойланатын корей халқының көне мерекелерінің бірі. Ол береке мен молшылықтың, еңбекке құрметтің символы саналады.
ИРИНА ПАК
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ КОРЕЙ ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
« Әрбір қонаққа алғыс айтамын. Адамдар өз шаруаларын кейінге қалдырып, осы маңызды оқиғаны бірге атап өтуге келді. Тек жақсылық тілеймін. Еліміз өркендей берсін»