Бірлік жарысы
Кеген ауданында мемлекеттік қызметшілер күніне орай шағын футболдан турнир ұйымдастырылды. «Жемқорлықсыз қоғам» ұранымен өткен спорттық додаға Алматы облысының әр ауданынан құралған командалар қатысты.Турнирдің мақсаты – мемлекеттік қызметшілер арасында саламатты өмір салтын насихаттап, әріптестік қарым-қатынасты нығайту және жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Жарыс барысында командалар жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, тартысты әрі қызықты ойын өрнегін көрсетті. Үздік командалар мен ойыншылар бағалы сыйлықтармен марапатталды.
ТАЛҒАТ ТӘТІБАЕВ
КЕГЕН АУДАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
«Бүгінгі таңда турнирдің жеңімпаздарына 1-ші орынға - 500 мың теңге, 2-ші орынға - 300 мың теңге, 3-ші орынға - 200 мың теңге ақшалай сыйлық және де үздік қорғаушы, үздік қақпашы, үздік шабуылшыларға 50 мың теңге ақшалай сыйлықтар мен арнайы сертификаттар табысталатын болады»