«Үндістандағы бейшаралар» фильмі жарыққа шықты
Алматыда «Үндістандағы бейшаралар» фильмінің жабық көрсетілімі өтті. Бұл комедиялық туындының жалғасы. Басты кейіпкер құпияға толы сапарға барып, көрермен күтпеген жәйттардан хабардар болады. Ал түсірілім барысы қалай өтті? Толығырақ келесі бейнематериалда.
Басты рөлдегі Әділетті сомдайтын - Еркебұлан Тоқтар. Тосыннан келген сәлемдеме оны Үндістанға жетелейді. Анасын іздеуге барған сапардың қызығы мен шыжығы көп. Өзіне беймәлім отбасы сырын білгісі келген ол бұл жолда талай қиындыққа тап болады.
ЕРКЕБҰЛАН ТОҚТАР
АКТЕР
«Бұны ұзағырақ түсірдік, бір ай түсірдік біз. Бір жарым ай Индияда жүрдік. Бір ай сьемка болды. Маған осы бөлімі қаттырақ ұнады. Өйткені маған көбірек арналған. Менің өміріме көбірек байланысы бар да. Менің персонажымның өміріне.»
БАҚЫТ ҚАДЕР
РЕЖИССЕР
«Осыдан 30 жыл бұрын біздің Байтемір деген басты кейіпкеріміз бірінші әйелімен өмір сүріп жүрген кезде бір белгілі бір жағдайлармен бірінші әйелі жоғалып кетеді. Содан кейін біз 2-3 бөлімдерін түсірген кезде бірінші әйелі туралы ешқандай информация бермедік. Содан кейін төртінші бөлімнің сценарийін жазу барысында неге осы бұрынғы өмрін ақтамасқа, бірінші әйелін алып келмеске деген ой туындағаннан кейін сол кейіпкерді киноға қосатын болып шештік»
Фильмінің барлық бөлімі көрерменге, әсіресе жастарға ұнағанын айта кету керек ті. Жобаға Үндістан мемлекеті қолдау көрсеткен. Кинокартинадан үнді актерлерін де көре аламыз.
ӘСЕЛ САҒАТОВА
АКТРИСА
«Жұмыс барысында айтарлықтай қиындықтар болған жоқ. Әрине, аптап ыстық пен бейтаныс орта кей сәтте қолайсыздық туғызды. Дегенмен жаңа ел мен локацияларға тез бейімделіп, барлық міндетті ойдағыдай атқардық»
САЙЛАС ТАНГАЛ
ҮНДІСТАН ЕЛШІСІ
«Бұл фильмнің тұсаукесеріне куә болу – мен үшін зор құрмет. Туындыда Үндістанның сан қырлы мәдениеті мен көз тартар келбеті көрініс тапқан. Екі ел арасындағы шығармашылық байланыстың осындай жарқын жеміс бергеніне қуаныштымын.»
Фильм 25 маусымнан еліміздегі «Кинопарк/Киноплекс» кинотеатрында көрсетіле бастайды.