« Әбіл » фильмі көрсетілді

Халықаралық кино жүлделерін иеленген отандық «Әбіл» фильмі енді үлкен экрандарға жол тартады. Оңтүстік Кореяның Пусан қаласындағы әлемдік премьерадан кейін картина алғаш рет қазақстандық көрерменге ұсынылмақ. Тағдыр тауқыметіне мойымай күресе білген адам мінезі мен  фильмнің мазмұны туралы толығырақ келесі сюжетте.

Фильм сюжеті бойынша оқиға 1993 жылғы Қазақстанда өрбиді. Басты кейіпкер Әбіл – кеңшардағы беделді қойшы, отбасының қамқор әкесі. Ол есейген ұлына үнемі көмек көрсетпей, ер адам өз өмірін өзі қалыптастырып, өз күшімен жетістікке жетуі керек деген ұстанымды алға тартады. Алайда елдегі күрделі кезеңнің салдарынан өзі де жиған-терген мүлкінен айырылып, ауыр жағдайға тап болады. Бір отбасының тағдыры арқылы авторлар сол уақыттағы қоғамның әлеуметтік-экономикалық келбетін, өтпелі кезеңнің қиындықтарын шынайы бейнелеген.


ЕРЛАН ТӨЛЕУТАЙ 
АКТЕР, МӘДЕНИЕТТАНУШЫ 
«Әбіл мінезімен жеңеді ғой..........Қолдан көп қиыншылыөқтар.Соның бәрін Әбіл жеңді 

Фильм түсірілімі үш жылға созылған. Соған қарамастан, туынды Берлин мен Париждегі халықаралық кинофестивальдерде жоғары бағаланды. 

ЕРЛАН БЕКХОЖИН 
ПРОДЮСЕР
«Бізге француз көрерменінің әсерін көру қызық болды. Олар фильмде көтерілген тақырыптарды өте жақсы түсінді. Бұл – жауапкершілік пен  таңдау туралы фильм. Жалпы, менің ойымша туынды бүгінгі заманмен де үндесіп тұр

ЕЛЗАТ ЕСКЕНДІР 
СЦЕНАРИЙ АВТОРЫ, РЕЖИССЕР
«Ең бастысы сол тарихтағы кейбір қателіктерден жалпы халықтар өзі сабақ алу керек. Оның негізгі құралы өнер,әдебиет бар кино бар. Енді көремін. Қалай қабылдайды. Қазір шыны керек халықарылық Еуропада, Азияда бірнеше оннан аса жерде көрсеттік қой. Бірақ мен бүгін қатты толқып тұрмын. Өйткені қазақ көрермені қалай қабылдайды деп. Өйткені басқа  жақта дәл бұлай толқымап едім»  

Түсірілім жұмыстарының негізгі бөлігі Алматы облысы, Ұйғыр ауданында өткен. «Әбіл» фильмі 25 маусымнан еліміздің кинотеатрларында  көрсетіледі.

Сондай-ақ оқыңыз: