Кітап оқитын ұлт

Артық білім кітапта. Өңір әкімдігі мен «Кітап оқитын ұлт» қоғамдық қоры өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойды.

Жоба мақсаты -халықтың, әсіресе балалар мен жастардың кітапқа деген қызығушылығын оятып, оқу мәдениетін дамыту.  Кездесуде аймақ басшысы Марат Сұлтанғазиев пен қор төрағасы Бақытжан Тұрлыбеков бірлескен жұмыстың негізгі бағыттарын талқылады. Енді облыстағы мектеп мен кітапханаларда зияткерлік деңгейді көтеретін арнайы жобалар мен ағартушылық іс-шаралар ұйымдастырылады. Бұл бастама Мемлекет басшысының «кітап оқитын ұлт» қалыптастыру туралы тапсырмасын орындауға үлкен үлес қоспақ.


 БАҚЫТЖАН ТҰРЛЫБЕКОВ
«КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
« Бұл жобаның маңыздылығы - бұл елімізде биыл, бұйырса, 1,5-2 миллион адамның арасында кітап оқытуға әрекеттенеміз. Соның аясында, иә, Алматы облысында 100 мыңнан аса адамды қамтимыз деп отырмыз. Жаңа облыс әкімі Марат Елеусізұлы айтып өтті, облыс бойынша кітап оқырмандарының, кітапхана оқырмандарының билетін алғандардың саны 71 мың екен. Соны біз осы 100 мың адаммен тағы да көбейтсек пе деп жатырмыз»

Сондай-ақ оқыңыз: