Мәдени фестиваль

Алматыда “Коре мен Қазақстанның мәдени апталы” ауқымды  фестивалі басталды. Іс-шараны Корей мәдени орталығы мен қала әкімдігі ұйымдастырды. Бағдарлама аясында мәдени және музыкалық іс-шаралар, көрмелер, би байқаулары өтеді. Алғашқы күні көрермендерге Корей театрының әртістері, «Алматы Әуендері» шығармашылық ұжымы, Асанәлі Әшімов атындағы театры мазмұнды концерттік бағдарлама ұсынды. Фестиваль 28 маусым күні K-pop орындаушыларының концертімен аяқталады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл  фестиваль Қазақстан мен Корея арасындағы серіктестікті нығайтудағы маңызды қадам. Сондай ақ Alatau City қаласындағы мәдени-іскерлік кеңістік ретінде жоспарланған K-PARK жобасының таныстырылымына ерекше назар аударылады. Республика сарайының фойесінде арнайы павильон ашылып, қонақтар жобаның қазіргі жағдайымен танысады.


АЛЕКСАНДРА ЦХАЙ
ҚАЗАҚСТАН КОРЕЙЛЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
“Корей мәдениеті күндері фестивалін біз Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай өткізуді жөн көрдік. Іс-шараға кіру толығымен тегін. Біз Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарына мерекелік көңіл күй сыйлауды мақсат еттік”


КУ БОН ЧХОЛ
КОРЕЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕЛШІЛІГІ ЖАНЫНДАҒЫ МӘДЕНИ ОРТАЛЫҚ ДИРЕКТОРЫ  
«Алдағы қыркүйек айында өтетін «Корея – Орталық Азия» алғашқы саммиті екі ел арасындағы қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтеретін маңызды кезең болады деп сенемін. Бұл іс-шара екі ел  арасындағы достық пен сенімді одан әрі нығайтуға ықпал етпек»

Сондай-ақ оқыңыз: