Конкур жарысы

Алматы облысында конкурдан ашық чемпионат өтті. Дүбірлі додаға еліміздің түкпір-түкпірінен келген елуге жуық шабандоз қатысты. Жарыста әуесқойлар, жасөспірімдер және тәжірибелі спортшылар өзара бақ сынады. Чемпионат бірнеше бағыт бойынша ұйымдастырылды. Жасөсіпрімдердер 110 сантиметрлік тосқауылдарды атпен еңсерді. Ең үздік нәтижені 15 жастағы Яна Жемчужина көрсетті. Ал ең тартысты бәсеке 130 сантиметрлік кедергілер бойынша өрбіді. Финалда Нұрила Тұрысбекова қашықтықты ең жылдам әрі айып ұпайынсыз еңсеріп, чемпион атанды. Чемпионаттың шешуші кезеңде жеңімпаз 170 сантиметрлік тосқауылдан сәтті секіріп , көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

ДМИТРИЙ ТИШКОВ 
ТӨРЕШІ 
«Конкур Қазақстанда ат спортын дамытып, кеңінен насихаттауға ықпал етті. Жарыста  көрермен конкурмен танысып, елімізде тек ұлттық емес, олимпиадалық ат спорт түрлері де дамығанын көрді»

Сондай-ақ оқыңыз: