Жақсы келін ырысың

Қазақы тәрбиенің мәйегі мен отбасының берекесін айшықтайтын «Жақсы келін – ырысың» атты  келіндер байқауы Райымбек ауданында сән-салтанатымен өтті. Ұлттық құндылықтарды ұлықтаған байқауда келіндердің өнері, шеберлігі мен парасаты сынға түсті.


Қатысушылар бірнеше кезең бойынша сынға түсті. Олар нан ашытып, бауырсақ пісіріп, сиыр сауып, ұлттық салт-дәстүрге қатысты білімдері мен өнерлерін ортаға салды. Әділқазылар әр қатысушының шеберлігіне, икемділігіне және сахна мәдениетіне баға берді.


АЛТЫНАЙ САПАР
АУДАНДЫҚ БАҚҚОЖА МҰҚАЙ АТЫНДАҒЫ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНІҢ РЕЖИССЕРІ 
“Бүгінгі байқаудың басты мақсаты қазақ келінінің болмысын дәріптеп, ұлттық салт-дәстүрлерімізді насихаттап, жас ұрпаққа үлгі көрсету. Бұндай тағылымы мол шара біздң ауданымызда дыл сайын дәстүрі түрде ұйымдастырылады. жыл өткен сайын қатысушылардың қатары көбейіп, инабатты да парасатты келіндердің көбеюі бізді де ерекше қуантады. бқл дегеніміз ұлттық құндылықтарға деген  құрметтің белгісі”

Тартысты өткен байқау қорытындысы бойынша үздік өнер көрсеткен келіндер анықталып, жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды

ЖҰПАР ӨСКЕНБАЙҚЫЗЫ
БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫ
“Бүгінгі шараға Сарыжаз ауылының атынан намысын қорғап келіп тұрмын. Осындай шаралар ауданымызда көп бола берсе екен. Бүгінгі шарада қатысып жатқаныма өте қуаныштымын,күнделікті үй тұрмысындағы тірліктеріміздің жалпы айтқанда артымызда келе жатқан сіңілдерімізге дәріптеу мақсатында ұйымдастырылып отырған шара ретінде қатысқаныма қуаныштымын, жанымдағы келіндерге тек сәттілік тілеймін”

Ұлттық тәрбиені, отбасы құндылықтарын және қазақ келінінің өнегелі бейнесін насихаттайтын бұл байқау Райымбек ауданында жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді.

Сондай-ақ оқыңыз: