Шәріп Бейсембаев – 100 жыл

Қазақ кино өнерінің шежіресінде өзіндік қолтаңбасын қалдырған көрнекті кинорежиссер Шәріп Бейсамбаевтың туғанына биыл 100 жыл. Мерейтойға орай «Қазақфильм» киностудиясында кино қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдері бас қосып, нар тұлғаның шығармашылық мұрасы мен өнегелі ғұмырын еске алды. 


«Гауһартас», «Біз төртеуміз», «Бұл біздің ұлымыз», «Біз ересекпіз», «Шатқалдағы шекара» сынды фильмнің басы қасында жүріп, классикалық киноны қалыптастырғанның бірі - Шәріп Бейсембаев. Ол Мәскеудегі жоғарғы режиссерлік курсын тәмамдап,  Қазақфильм киностудиясында 23 жыл қызмет етті. Осы уақытта он төрт фильм түсірді. 

ЖАННА ҚУАНЫШОВА 
ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ӘРТІСІ 
«Мен Шәріп Бейсембаевтың түсірген  «Гауһартас» фильмінде басты рөлді сомдадым. Ал бүгін біз оның 100 жылдық мерейтойын атап өтіп жатырмыз. Бұл мен үшін үлкен мәртебе. Өйткені Шәріп аға мені актриса ретінде қалыптастырды, шығармашылық тағдырымды айқындады десем артық емес.»

НҰРЛЫБАЙ ЕСІМҒАЛИЕВ 
ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ 
«Мықты мықты киноларын қойды. Мен соның ішінде 1982 жылы түсірген «Мен сіздің туысыңызбын» деген киноға деген киноға шақырылдым. Сонда ойнадым. Ағаның енді сол бір еңбегі менің де өмірімде қалған үлкен із. Рақметім шексіз. Одан кейін несібелі деген кино болды. Ол жерде мен летчикті ойнадым.» 

Кино – ұлттық құндылықты дәріптеп қана қоймай, тарих, мәдениетіміз бен  салт-дәстүрімізді келер ұрпаққа жеткізетін маңызды өнер саласы. Шәріп Бейсембаевтың шығармашылығы бүтін бір буынды бір арнаға тоғыстырып, жастарды да талғампаздыққа тәрбиелейді. 

СӘУЛЕ  ҚОЖЫҚОВА 
ҚАЗАҚСТАН КИНЕМАТОГРАФИСТЕР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ
«Мына даңқ аллеясында қазақ киносының көрнекті тұлғалары, майталмандары мәңгілікке ұлықталған. Олардың көшін Шәкен Айманов бастап тұр. Осында менің ата-анам Құлахмет Қожықов пен Сұлтан Қожықовтың да есімдері бар. Сондай-ақ Шәріп Бейсембаевтың есімі ел жадында сақталатындай, тарихқа таңбаланды»


Шәріп Бейсембаевтың қазақ кино өнерінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан майталман маман. Ол «Еңлікгүл шешек атқанда», «шатқалдағы шекара», «Арман атаман», «Тел өскен ұл сынды» тамаша туындыларды түсіріп, ел ықыласына бөленген кинорежиссер. Есімі қазақ киноматографиясымен бірге жасай бермек. 

Сондай-ақ оқыңыз: