Спорттық жетістіктер жоғары
Облыс спортшылары жыл басынан бері түрлі жарыстарда 712 медаль алды.
Бұл Алматы облысында кәсіби және бұқаралық спорттың қарқынды даму нәтижесің айғағы. Саңлақтар жетістігі мен аймақтағы жаңа спорттық нысандардың жай-күйін тілшіміз Дастан Маратұлы тарқатады.
Өңір спортшылары үшін жылдың алғашқы алты айы табысты әрі жемісті болды. Спортшыларымыз халықаралық және республикалық додаларда жалпы саны 712 медаль еншіледі. Стендтік атудан өткен Әлем кубогында жерлесіміз Әсем Орынбайдың әлемдік рекордты жаңартып, алтын тұғырдан көрінді. Сонымен қатар, Дохада өткен Азия чемпионатында Эдуард Ещенко Азия мен әлем рекордтарын жаңартса, Нью-Делиде нысана көздеуден мергендеріміз 7 медальді қоржынға салған. Бұған қоса, Бішкектегі күрес түрлері мен БАӘ-дегі велоспорттан Азия біріншіліктерінде де спортшыларымыз үздіктер қатарынан көрінді.
ЖАНСЕРІК ӘДІЛАХМЕТОВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ
Сонымен қатар, Қасымбек Ерге еркін күрес бойынша күміс медальға ие болды. Және де атап өтетін спортшыларымыз көп. Міне, жақын арада ғана Қоблан Бекбарыс таэквондошымыз халықаралық ареналарда таэквондодан күміс медальға ие болды. Бұлар да біздің олимпиадалық дейміз, азиялық ойындардың құрамына кіретін спорт түрлері болып табылады
Бүгінде өңірде спорттық резервті даярлау бағытында 33 спорт ұйымы қызмет етеді, онда 25 мыңнан астам спортшы тіркелген. Биыл бұл мақсатқа бюджеттен 20 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінді. Саланы дамыту тек кәсіби спортпен шектелмейді. Қазіргі таңда бұқаралық спортты дамыту мақсатында «Алатау лигасы» жобасы іске асып, өңірдегі дене шынықтырумен айналысатындар үлесі 43 пайызға жеткен. Ал Қапшағай көлінде желкенді қайық жарысысына ел біріншілі жыл сайын өткізіледі. тұрады. Кеше ғана аяқталған республика чемпионатында облыстың жасөспірімдері көп медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленді.Осылайша өңірдегі желкенді спорт мектебінің жоғары деңгейдегі дайындығын тағы бір мәрте дәлелдеді.
ОЛЕГ КУЛИВАЦКИЙ
АҒА ЖАТТЫҚТЫРУШЫ
Қазақстанның бірнеше буын мықты яхташылары дәл осы жерде тәрбиеленді. Биылғы чемпионатта ұлттық құрамаға жолдама сарапқа салынғандықтан, әрбір жарыстың маңызы өте жоғары болды. Алматы облысының спортшылары тағы да шеберліктерін көрсетті
Сонымен қатар, «Арт спорт» бағдарламасында 10 мыңнан астам бала секциялармен қамтылды. Сондай ақ облыста 1908 спорттық құрылыс бар. Қазірдің өзінде бес ірі спорт кешенінің құрылысы жүріп жатыр.
ЖАНСЕРІК ӘДІЛАХМЕТОВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ
Сонымен қатар, спорт саласында тек спортшылар емес, жаңағы мүгедектігі бар азаматтарымызды спортпен қамту мақсатында қазіргі уақытта «Қазақстан халқына» қоры арқылы осы Қонаев қаласында инклюзивті орталық құрылыс жұмысының басталуын күтудеміз
Басқарма алдағы уақытта да инфрақұрылымды кеңейтуді көздеп отыр. Атап айтқанда, Қарасай ауданында «Жейран» футбол клубы мен Талғар қаласында «КФФ Академия» футбол академиясының құрылыстары жоспарланған. Сондай-ақ, биыл шілде айында Қапшағай су қоймасында 2500-ден астам адамның қатысуымен өтетін халықаралық «OCEANMAN QAZAQSTAN 2026» ашық суда жүзу жарысы өңірдегі спорттық туризмнің жаңа брендіне айналмақ.