Qonaev Media телеарнасының ұжымы Аида Балаеваны туған күнімен құттықтады
Qonaev Media телеарнасының ұжымы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Ғалымқызы Балаеваны туған күнімен шын жүректен құттықтайды.
Құрметті Аида Ғалымқызы!
Сізге зор денсаулық, отбасыңызға амандық, сарқылмас күш-қуат, баянды бақыт және жауапты мемлекеттік қызметіңізде толағай табыстар тілейміз.
Еліміздің мәдениеті мен ақпарат саласын дамытуға, бұқаралық ақпарат құралдарының әлеуетін арттыруға қосып жүрген елеулі еңбегіңізге, сондай-ақ өңірлік медианы қолдауға бағытталған жүйелі жұмыстарыңызға шынайы алғысымызды білдіреміз. Сіздің бастамаңызбен жүзеге асып жатқан маңызды жобалар ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, ақпараттық кеңістікті нығайтуға және саланың дамуына тың серпін беріп келеді.
Алдағы уақытта да ел игілігі жолындағы қызметіңіз жемісті болып, барлық бастамаларыңыз сәтті жүзеге аса берсін!
Құрметпен,
Qonaev Media телеарнасының ұжымы.