Күймен тербелген дала
Райымбек ауданында Ұлттық домбыра мен Астана күніне орай мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды. Іс-шарада ұлттық өнер дәріптеліп, елорданың жетістіктері насихатталды.
Аудан басшылығы тұрғындарды қос мерекемен құттықтап, ел бірлігі мен ұлттық құндылықтардың маңызын ерекше атап өтті. «Домбырамен тербелген дала» атты думанды кеште жастар халық күйлерін орындап, ұлттық өнердің мәртебесін асқақтатты. Қазіргі таңда ауданда 500-ге жуық оқушы домбыра үйреніп жүр. Олар ұлттық аспаптың қыр-сырын меңгеріп, дәстүрлі өнерді жалғастырып келеді.