Тарихи тұлғалар тағылымы

Кеген ауданында “Қазақ тарихындағы әулеттер тағылымы” тақырыбында ғылыми конференция өтті. Тарихшылар мен зерттеушілер өңірдің тарихи тұлғаларының өнегелі өмір жолы жайынды ой бөлісті. Есімі ерекше құрметпен аталатын тұлғаның бірі – Таңатар би Айтұлы. Архивтік құжаттар оның ел бірлігі мен татулығына қызмет еткен би болғанын дәлелдейді. Таңатар би ел ішінде әділ әрі көреген басшы ретінде танылған. 1865-1871 жылдардағы ресми құжаттарда Таңатар бөлімі жеке әкімшілік бірлік ретінде тіркеліп, онда жүздеген шаңырақ өмір сүргені жазылған. Зерттеушілердің айтуынша, бидің өмір жолы мен қызметі  ел бірлігі мен тарихи сабақтастықтың жарқын көрінісі.

Сондай-ақ оқыңыз: