Мерекелік кеш

Қонаев қаласында  «Елорда – ел рухының құт мекені, Конституция – кемел келешектің кепілі» атты салтанатты гала-концерт ұйымдастырылды. Орталық алаң мерекелік көңіл күйге бөленді. Сахнада жергілікті өнер ұжымдары мен белгілі эстрада жұлдыздары өнер көрсетіп, әннен шашу шашып, көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Салтанатты шараға мыңнан астам адам жиналды. Қала әкімі тұрғындарды Астана күнімен құттықтап, бұл мерекенің ел бірлігін нығайу жолындағы маңызын атады.  


ЕВЕЛИНА КОРЧАГИНА
ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
«Өте тамаша, бәрі керемет ұйымдастырылған. Маған барлығы өте ұнады. Осындай тамаша мерекелік көңіл күй сыйлаған ұйымдастырушыларға алғысымды білдіремін. Баршаңызды Астана күнімен шын жүректен құттықтаймын»

Сондай-ақ оқыңыз: