Футбол турнирі

Облыс орталығында жасөспірімдер арасында футболдан дәстүрлі «Qonaev Кубогі» турнирі басталды. Доп додасына еліміздің бірнеше өңірінен келген 13 команда қатысып, өзара мықтыны анықтауға кірісті. Бір апта бойы жалғасатын турнир жайында тілшіміз толық айтсын. 


Биылғы турнирде Алматы, Алматы облысы, Астана және Түркістаннан келген командалар бақ сынап жатыр. Жасыл алаңдағы алғашқы ойындар таңғы уақыттан басталды. Турнир жасөспірімдерге шеберліктерін шыңдап, өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, алаңда ойыншылардың техникалық дайындығы мен командалық үйлесімі сынға түседі. 


НҰРСҰЛТАН ӘБІЛДИНОВ
«ДЖЕЙРАН» КОМАНДАСЫНЫҢ БАПКЕРІ
 Алматы қаласынан келіп тұрмыз жарысқа. Дайындығымыз жақсы. Бүгін бірінші ойын таңғы сегізде болды, осы поляда ойнадық бірінші ойынды, результат жаман емес счёт 2:2. Әрине, ұтқымыз келді. Бірақ, ұтысқа жете алмадық. 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жарыстың басты мақсаты балаларды бұқаралық спортқа баулу, талантты футболшыларды анықтау және жас спортшылардың бәсекелік тәжірибесін арттыру. Ал алғашқы ойындардың өзінен-ақ командалардың тыңғылықты дайындықпен келгені мен жеңіске деген жігері анық байқалды.

ЖАН ӨСЕРБАЙ
ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ 
Мен осы Қонаев қаласының ойыншысы боламын. Бүгін 2:2 ничья ойнап қалдым. Ертеңге настрой ұстап жатырмыз. Ертең құдай қаласа ұтамыз деген ойдамыз. Бүгін Алматы қаласының “джейран” деген командасына қарсы ойнадық. Өте керемет, настройлары жақсы екен.

«Qonaev Cup–2026» турнирі 12 шілдеге дейін жалғасады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер финалдық кездесуден кейін арнайы марапатталады. 

Сондай-ақ оқыңыз: