«Алтын адам» құпиясы ашылды
Қазақстанның әйгілі археологиялық жәдігері – «Алтын адамның» генетикалық тегі толық зерттелді" деп хабарлайды Қазақпарат. Халықаралық ғалымдар оның ер адам болғанын дәлелдеп, сақ қоғамында биліктің әулеттік жолмен берілгенін генетикалық деректермен растады. Қазақстан және шетелдік ғалымдар жүргізген бұл зерттеу ежелгі көшпелілердің шығу тегі мен қоғам құрылымы туралы жаңа мәліметтер ұсынып, халықаралық ғылыми журналда жарияланды. Сондай-ақ арнайы талдау ықпалды ӘУЛеттердің бірнеше ұрпақ бойы саяси және әлеуметтік мәртебесін сақтағанын көрсетті.«Алтын адам» 1969 жылы Алматы облысындағы Есік қорғанынан табылды. Бұл – сақ дәуірінің ең бай жерлеу орындарының бірі саналады.