Күйге жүйе керек

Күйдің стандартталуы – ұлттық музыка өнеріндегі өзекті мәселе. Күйге де жүйе керек. Әйтпесе дәстүрлі өнер төл табиғатын жоғалтуы мүмкін дейді мамандар. Өнер зерттеуші, күйші  Мұрат Әбуғазы далалық дәстүрде қалыптасқан күй өнерінің сақталуы мен қолданылмай қалған шеберлік жайында тың деректермен бөлісті. Кездесуде  өзгеріске ұшыраған күйлер мен  қазіргі дамуы сөз болды. Бұдан бөлек күйшілік мектептер мен орындаушылық мәнер назардан тыс қалмады. Шертпе күйдің әр өңірге тән орындаушылық дәстүрін бұзбай, бастапқы қалпында насихаттаудың маңызы көтерілді. 


МҰРАТ ӘБУҒАЗЫ 
КҮЙШІ
«Қазақтың күй өнері ата-бабамыздан қанға сіңген өнер ғой. Бірақ қазіргі кезде кішкене насихаты дұрыс болмай тұр. жүйе дұрыс болмай тұр. Біз кеңес дәуірін сынға аламыз ғой, кеңес дәуірінде қазақтың өнері қыспаққа алынды деп сынға аламыз ғой. Бірақ ол заманда жүйе болған. Біздің қазіргі тәуелсіздік жағдайында күй өнерінің жинақталуы, оның зерттелуі барлығы дұрыс бағыт қойылған. Бірақ, оның ары қарай халыққа жетіп, насихатталуы, одан кейін бұл өнердің ары қарай болашағы, жастардың оған ұмтылысы жағынан келгенде көп насихат жұмыстары керек»

Сондай-ақ оқыңыз: