Шығармашылық орталық ашылды

Ақындар мен батырлар елі Жамбыл ауданында «Қалам мен шабыт мекені» шығармашылық орталығы ашылды. Сондай -ақ «Кітапхана тв» подкаст алаңы да өз жұмысын бастады. Енді мұнда ,мәдениет пен ғылымнан бастап түрлі саладағы тақырыптар талқыланады. Толығырақ алдағы сюжетте. 


Заманауи кітапхана мәдениет, медиа және жаңа технологиялар тоғысқан шығармашылық кеңістікке айналып келеді. Енді әрбір оқырман әдебиетпен сусындап қана қоймай, қазақ ақындары мен жазушыларының жеке заттарын да өз көзімен көреді. Ал медиа подкасттың ашылуы елімізге танымал тұлғалардың Жамбыл ауданында бой көрсетіп, жастарға пайдалы  ақпаратпен бөлісуіне сеп. 


АЯУЖАН СӘДУАҚАСОВА 
ЖАМБЫЛ АУДАНДЫҚ КІТАПХАННЫҢ БАСШЫСЫ 
«Жамбыл ауданы ақындар мен батырлар елі. Жамбыл ауданының жайсаңдарын бір арнаға тоғыстырып, ұрпақтар сабақтастығын жалғау мақсатында бүгінгі іс шарамыз жүзеге асып жатыр. Біз өте қуаныштымыз. Өйткені атадан балаға мұра болып қалған әрбір тарих, әрбір кітап келешек ұрпақ оны білуі керек, көру керек, оқу керек.»


Жаңа рухани-ағартушылық орталықтың сөресінде жазушылардың құнды еңбектері, тарихи және балаларға арналған әдебиет, сондай-ақ қаламгерлердің қолтаңбасы сақталған бірегей басылымдар жинақталған.


НАҒАШЫБЕК ҚАПАЛБЕКҰЛЫ
ЖАЗУШЫ, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ 
«Кітапханасы мен кітабы жоқ елде бұзақылық пен түрме көбейеді дейді. Бұл тәмсіл бұрыннан келе жатқан. Ал ені осы кітапхана міне осындай игі істер атқарып отыр. Мына қаламгерлерге, ақын-жазушыларға арнайы осындай орын Шабыт пен қаламгер атты мекен дайындап тұр. Бұл өте керемет, ғажап іс.»


«Қалам мен шабыт» шығармашылық орталығы әдебиет пен заманауи бастамаларды тоғыстыратын рухани алаң. Мұнда қаламгерлермен кездесулер және түрлі ағартушылық жобалар ұйымдастырылады. 

Сондай-ақ оқыңыз: