«Қайрат» жеңді

 Алматылық «Қайрат» УЕФА Чемпиондар лигасының алғашқы іріктеу кезеңін жеңіспен бастады.

Өз алаңында Черногорияның «Сутьеска» командасын қабылдаған алматылық клуб 2:1 есебімен жеңіске жетті. Толығырақ тілшіміз баяндайды

Еурокубок аясындағы матчқа деген қызығушылық өте жоғары болды. Ойын басталар алдында  Орталық стадион маңына мыңдаған жанкүйер жиналды. Жанкүйерлер  командасына қолдау білдіріп, ұрандатты. Стадион айналасында қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Қайраттың жанкүйерлері  команданың жеңіске жетуіне сенім білдірді.

Бірінші таймда есеп ашылған жоқ. Үзілістен кейін Лукас Африко есеп ашып, «Қайратты» алға шығарды. Алайда матчтың 90-минутында «Сутьеска» есепті теңестірді. Дегенмен төреші қосқан уақытта Марк Гуаль  гол соғып, «Қайратқа» 2:1 есебімен жеңіс сыйлады.

Ойын статистикасы бойынша да «Қайраттың» басымдығы байқалды. Алматылық клуб допқа 65 пайыз иелік етіп, қарсылас қақпасына 15 соққы бағыттады. Қарымта кездесу 16 шілдеде Черногорияда өтеді. Екі ойынның қорытындысы бойынша  ұпайы артық болған команда келесі кезеңге өтеді.

Сондай-ақ оқыңыз: