Таланттар тартысы
Райымбек ауданының 90 жылдығы аясында Қарасаз ауылында айтыскер ақын Оразалы Досбосыновты еске алуға арналған «Құлмамбеттің құлынын құндақтаған өлке» атты II республикалық ақындар айтысы өтті. Дүбірлі додаға еліміздің әр өңірінен келген 16 айтыскер қатысып, көрерменге тартысты жыр сайысын тарту етті.
Айтыс ақын рухына тағзым етуден басталды. Өткен жылы алғаш рет ұйымдастырылған республикалық айтысты жыл сайын дәстүрлі түрде өткізу бастама көтерілген еді. Биыл сол үрдіс жалғасып, II республикалық ақындар айтысы кең көлемде ұйымдастырылды.
ДАСТАН ҚҰДАБАЕВ
РАЙЫМБЕК АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
Жас ақындар сөз өнеріндегі шеберліктері мен терең танымын паш етті. Олар ұлттық құндылықтар, елдік мұрат және қоғамдағы өзекті мәселелерді жырға қосты. Әр шумақтан тапқыр ой мен ұтымды уәж көрініс тауып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Қазылар шешімімен бас жүлдені Алматы облысының ақыны Сәрсенбек Несібелі жеңіп алып, 1 миллион теңгенің сертификатымен марапатталды.
НЕСІБЕЛІ СӘРСЕНБЕК
АЙТЫС ЖЕҢІМПАЗЫ
Қарасаз төрінде өткен республикалық айтыс ұлттық өнердің мерейін асырып, сөз сайысының сәнін келтірді. Ұйымдастырушылар бұл жыр додасы жас ақындарға жол ашып, қазақ айтысының абыройын арттыра беретінін атап өтті.