Көшпенділер рухына толы мотошеру

Алматы облысында халықаралық «Көшпенділер жолы» мотошеруі басталды. Облыстық Туризм басқармасының қолдауымен ұйымдастырылған шара Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан мен  Өзбекстанның мотоциклшілерін біріктірді.  Мотошеруге 2 мыңға жуық адам  қатысады. Жоба  көшпенділер мәдениетін кеңінен насихаттап, Алматы облысының туристік әлеуетін халықаралық деңгейде танытуды көздейді. 

БАҚТИЯР МАҚСҰТОВ
ОРТАЛЫҚ АЗИЯ МОТОЦИКЛШІЛЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ӨКІЛІ
«Халықаралық мотошеру жобасын 2016 жылдан бері жүзеге асырып келеміз. Биыл – мерейтойлық мотошеру. Ол өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Мемлекет тарапынан көрсетілген қолдау үшін алғысымыз шексіз. Барлық бағытта жол полициясының сүйемелдеуі, жедел жәрдем қызметі ұйымдастырылып, іс-шараның қауіпсіз әрі сапалы өтуіне жан-жақты көмек көрсетілді. Ал басқа қалалар мен елдерден келген қонақтар дән риза. Олар Қазақстанның әсем табиғатын, көрікті жерлерін тамашалады»

Сондай-ақ оқыңыз: